Албаниядағы полиция мен шерушілер арасындағыс қақтығыста 60-қа тарта адам зардап шекті, құрбан болғандар бар
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Албанияда полиция мен шерушілердің арасында болған қақтығыстардың салдарынан, ең аз дегенде, 3 адам қаза болған. Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша тағы 55 адам зардап шегіп отыр, деп хабарлады РБК агенттігі.
Полицейлер, шерушілер Тиранадағы үкімет үйіне басып кірмек болған соң, оларға қарсы оқ атуға мәжбүр болғандарын айтып отыр. Қазір Тиранада қақтығыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Албания елордасындағы бұқаралық шеруді оппозициялық Социалистік партия ұйымдастырып отыр. Демонстранттар 2009 жылғы 28 маусымда болған сайлаудың қорытындысын қолдан жасау фактілері бойынша тексеру жүргізуді талап етуде. Сол сайлауда елдің қазіргі премьері Сали Берише жетекшілік ететін Албанияның Демократиялық партиясы жеңіске жеткен болатын.