Албанияны Еуроодақ мүшесі ретінде көруге бейілдіміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегаймен Ақордада өткен кездесуде екі ел арасындағы ұқсастықтарға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Албанияны Еуроодақ мүшесі ретінде көруге бейілдіміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Біз екіжақты әріптестікпен байланысты бірқатар мәселені талқыладық. Жақын келешекте зерттеуге тұратын үлкен мүмкіндіктер бар екенін растадық. Сол арқылы елдеріміз арасындағы әріптестікті тереңдете дамытып, бұрыннан бар мүмкіндіктерді кеңейте аламыз. Біз Албанияны өте маңызды әріптес деп есептейміз. Бұл әріптестік аясында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті басты мәселе. Осы елеулі нәтижелерге қол жеткіземіз де. Мен Тиранаға елші жібердім. Бұл біздің әріптестігіміздің тағы бір маңызды кезеңі деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан басшысы Албанияның Еуроодаққа қосылу ниетін қолдайтынын айтты.

«Қазақстан мен Албания арасында көптеген ұқсас дүниелер бар. Екі мемлекет те көптілді, көптұлтты. Біз әріптестік пен өзара ынтымақтастықты БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар аясында дамытып отырмыз. Сіздің Еуропа одағына қосылу бағытындағы саясатыңыздан хабарымыз бар және сіздерді Еуроодақ мүшесі ретінде көруге бейілдіміз. Еуроодақ біздің ірі сауда серіктесіміз және Еуроодақпен арадағы стратегиямыз айқын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келді.