Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрлігі Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалғанын хабарлады.

Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған.

2018 жылдан бастап мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

2019-2024 жылдары – каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор. 2024 жылдан бастап Астанада «Болашақтың ойындарын» өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

Бұған  дейін Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар