Алдағы 3 күнде Астанада күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында алдағы үш күнде қандай күн райы болатынына болжам жасады. 

Алдағы 3 күнде Астанада күн райы қандай болады
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

29 сәуір: ауыспалы бұлттылық, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +9…+11°С.

30 сәуір: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан сооқан жел екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +0…+2°С, 2°С үсік жүреді, күндіз +11…+13°С.

1 мамыр: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні  5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +15…+17°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

29 сәуір: ауыспалы бұлттылық, күннің соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +30…+32°С.

30 сәуір: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +21…+23°С.

1 мамыр: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

29 сәуір: ауыспалы бұлттылық, түстен кейін өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°С, күндіз +31…+33°С.

30 сәуір: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

1 мамыр: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С. 

Соңғы жаңалықтар