Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен бірге жауын-шашын болып, жаңбыр мен қар түрінде жауады. Кейбір өңірде көктайғақ болады. Сонымен қатар республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтілуде. Тек 21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа райын болжанады. Қазақстан бойынша ел аумағында тұман мен екпінді жел күтіледі», — делінген хабарламада.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.
Еске салсақ, 18 қарашада бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.