Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет алдағы 3 күнге болжанған ауа райы туралы мәліметті таратты.

Зима погода Астана қыс ауа райы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 — Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, құбылмалы ауа райы болады. Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғып, қар жауады, оңтүстік өңірлерде — жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады , - делінген хабарламада.

Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 градусқа дейін күн суытады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 грусқа дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 градусқа дейін аяз болады. Таулы аудандарда 10-16 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар