Алдағы 3 күнде қар, жауын жауады

ауа райы
Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде қар, жауын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.  

Астанада 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с-ке дейін жетеді.

25 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

25 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram