Алдағы 5 жылда отын-энергетика саласында 83 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2030 жылға дейін отын-энергетика кешені салаларында 99 жоба жүзеге асады және 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтып берді.

Мангистауский атомный энергетический комбинат
Фото: maek.kz

Оның айтуынша, қазір отын-энергетика кешенінде 1 671 кәсіпорында 303 мыңнан астам әртүрлі кәсіптегі жұмыскерлер еңбек етуде.

— Отын-энергетика кешенінің салаларында 2030 жылға дейінгі кезеңде 99 жобаны жүзеге асыру көзделген, жобалар арқылы құрылыс және пайдалану кезеңдерде 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орны құрылады. Мәселен, мұнай-газ жобаларды іске асыру арқылы мұнай-газ және де аралас салалардың техникалық мамандықтары бойынша 22 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, — деді А. Сәтқалиев

Мұнай-газ-химия саласындағы 6 ірі жобада 21 мыңнан астам жұмыскер тартылады, оның 18 мыңы құрылыс кезеңінде және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орнына алынады.

Электрэнергетика саласында 72 жоба, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде 35 мыңнан астам уақытша және 6 мыңға жуығы — тұрақты жұмыс орны.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда энергетиктердің жалақысы жыл сайын 15% өсіп отыртынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар