Алдағы екі жылда облысаралық бағыттағы 7 мың шақырым жолға екі қабат асфальт төселеді

строительство дороги жол құрылысы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы екі жылда «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» бағытындағы жолдарға екі қабат асфальт төселеді.

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев осындай жоспарын бөлісті.

«Бұрын біз негізінен қаражат көзін халықаралық дәліздер мен облыс орталықтарын қосатын күре жолдарға бағыттаған болатынбыз. Облысаралық республикалық жолдар көп жылдардан бері жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған болатын. 

Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін республикалық деңгейдегі 7 мың шақырымды қамтитын ауқымды жобаларды бастадық.

Биыл Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен аталған жолдардың 2 мың 500 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы қалған 4 мың 500 шақырымда жұмыстар жалғасады», - деді ол.

Ведомство басшысы бұл жолдарға жаңа тәсілін қолданылатынын айтты.

«Яғни, жөл төсемесін «ресайклинг» әдісімен бекітіп, 2 қабат асфальт жабыны салып жатырмыз. Аталған технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға және 2 есе жылдам жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың қатарына 20 жылдан бері жөндеу кезегін күтіп отырған «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» сияқты ірі жобалардың кіргенін атап өткен жөн», - деді Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram