Алдағы күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 22-24 қазан күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа райы
Фото: Pixabay

Алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басы бөлігіне Атлантикалық циклон әсер етеді, салдарынан елдің басым бөлігінде жауын, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады.

23 қазанда ресбликаның оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын болжанады. Сонымен қатар Жетісу облысының тауларында да жауын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.