Алдағы күндері бірнеше өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 31 қазан – 2 қараша аралығындағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. 

дождь
Фото: Алматы әкімдігі

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен атмосфералық фронттың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.

Республика бойынша ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.