Алдағы күндері елдің бірнеше өңірінде қыс қаһарына мінеді

АСТАНА. KAZINFORM — 19–21 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ күтіледі. Синоптиктер желдің күшеюі мен тұман туралы ескертті. Ал шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Алдағы күндері елдің бірнеше өңірінде қыс қаһарына мінеді
Фото: Kazinform\ЖИ

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең жырасы әсер етеді. Алдымен оның ықпалы батыс өңірлерде байқалып, кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс пен елдің солтүстік аймақтарына таралады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман байқалады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде −2…+5 °C-тан +1…+10 °C-қа дейін, күндіз +2…+10 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы −3…−13 °C аралығындағы теріс мәндерде сақталады. Күндіз ауа температурасы 0…+5 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Еске сала кетейік, осы күндері алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауатыны болжанған еді. Көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.