Алдағы күндері күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады. 

Алдағы күндері күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады
Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.

Ауа температурасы күндіз:

  • батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33°С;
  • шығыста +20…+25°С;
  • оңтүстікте +28…+37°С;
  • оңтүстік-шығыста +20…+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20°С.

Айта кетелік бүгін еліміздің шығысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүретіні туралы жазған едік