Алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM —  Жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның орнын солтүстік циклон басады. 

Алдағы күндері  жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады
Фото: Қазгидромет

Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерінде ауа райының нашарлауына себеп болады.

Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады.

5–6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.

Ауа температурасы батыста түнде 0,+7°С, күндіз +3+14°С, солтүстік-батыста түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында түнгі температура -3-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.