Алдағы үш күнде Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM —  «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш ірі қаласындағы  ауа райы болжамын жариялады.

лето, погода, природа, цветы, тюльпаны, ботанический сад, парк
Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде, яғни 30 және 31 шілдеде және 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Астанада 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +22...+24°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +22...+24°C., күндіз: +20...+22°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +20...+22°C.

Алматыда 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +30...+32°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +29...+31°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +31...+33°C.

Шымкентте 30 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +34...+36°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.

1 тамызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.

Айта кетейік, XXI ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы 2027 жылдың 2 тамызында болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум