Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM - 3, 4, 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

ауа райы
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.

Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.

Алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар