21:35, 15 Шілде 2024 | GMT +5
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады — синоптиктер болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлады. Сонымен қатар көп аймақта жаңбыр жауады.

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді.