12:30, 12 Шілде 2024 | GMT +5
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады — синоптиктер болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен бірге қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады.

Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған.