Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады

ауа райы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 30 сәуір — 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады.

1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. 

Түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанып отыр. 

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон ықпалымен солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар