Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

аяз боран
Фото: Pixabay

Қазгидромет 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады. 

— Қазақстан аумағына Гольфстриммен жылытылатын Солтүстік Атлантикалық ауа массалары енеді. Салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Келесі Солтүстік Атлантикалық циклонға байланысты ауа-райы нашарлайды, бұрқасынмен бірге қар жауады, алдымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 21 желтоқсанда күндіз солтүстігінде және орталығында қар жауады, артынша ол жаңбырға ұласады. Ал термометрлер күндіз 3-8 градустан 2 градустан 3 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram