Алдағы үш тәулікте еліміздің аймақтарында жаңбыр, қар жауады – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM - Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен алдығы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сондай-ақ онда 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, солтүстікте, орталықта екпінді жел соғып, көктайғақ болады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 0-7 градус, күндіз 2 градус аязға дейін күрт төмендейді. Елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі мүмкін.