Алдағы үш тәулікте күн райы қалай құбылады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

— Аптаның басында Солтүстік циклон жырасына байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, боран соғады. Елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.
Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 аязға дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін.
Бұған дейін синоптиктер желтоқсан айында ауа райы қандай болатынын айтып берген еді.