Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады - Президент

темір жолмен жүк тасымалдау
Фото: kaz.people.cn

Биыл елімізде 850 шақырымнан астам жол салынды. Бұл туралы бүгін елордада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент сапалы жол ел экономикасының күретамыры екенін қадап айтты.

«Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық. Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуді тапсырды

Соңғы жаңалықтар