Алдағы 2 жылда импорт көлемі 2016 жылғыдан 2 есе артады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл мұнай, уран, астық сияқты Қазақстан экспортының негізгі тауары болып есептелетін шикізат өнімдерінің бағасы қымбат болғандықтан төлем балансының профициті сақталуы мүмкін. Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізат бағасының жоғары болуына байланысты 2022 жылы төлем балансының ағымдағы шотының профицит аймағына өтетіні және мұнайдың, металдың, уран мен астықтың әлемдік бағасы жоғары болғандықтан тауарлар экспортының өсуі есебінен сол аймақта сақталатыны күтіледі. 2023 жылы ағымдағы шот профицитінің 1,9 млрд доллар деңгейінде, ал 2024 жылы 1,2 млрд доллар деңгейінде болатыны күтіледі», - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның болжамынша, тауар импорты да жоғары деңгейде қалады.

«2023-2024 жылдары тауар импорты 2016 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайып, рекордтық тарихи мәннен асып түсетін болады.

2023-2024 жылдары профициттің болжамды қысқаруы импортқа деген сұраныстың тұрақты өсуіне байланысты болады», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар