Алдағы 2009 жылғы Ұлттық санақ мұның алдындағы санақтан ауқымды сауалдаманың молдығымен ерекшеленеді

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – «Алдағы 2009 жылғы Ұлттық халық санағы мұның алдындағы он жыл бұрынғы санақтан халықтан сауалдама алу молдығымен ерекшеленеді, ол біздің еліміз халқының барынша көлемді және шынайы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаменті директорының орынбасары Галина Сницарук.
None
None
«Егер мұның алдындағы 10 жыл бұрынғы санақтағы сауалдамада 18 сұрақ болса, осы санақта ? 45 сұрақ қарастырылған. Бюджетті құрастыру, еңбек және тұрғын үй рыногын жоспарлау кезінде, көлік саясатында, электр энергетикасында, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, тіл және дін саясаты салаларында қажетті бірегей, өмірлік маңызды деректер жиналатын болады. Бір сөзбен айтқанда, болжамдау мен жоспарлау қай жерде қажет болса, соларға қатысты деректер жиналады», ? деп атап көрсетті Галина Иннокентьевна.? Науқанның басталуына тура бір ай қалды. Алдағы Ұлттық санаққа сіздің аумақтың даярлығы қандай?? Біз даярмыз. Әрине, санақты өткізуге байланысты үлкен даярлық жұмыстары ұйымдастырылып, ол аяқталды. Ендігі жердегі ең маңыздысы ? халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.Біздің шығысқазақстандық аймақ еліміздің басқа аймақтарының ішіндегі аумағының ең үлкен болуымен ерекшеленетінін атаған жөн, сондықтан біздерде 148 санақ бөлімінің меңгерушісі, 1194 нұсқаушы-бақылаушы, 4937 санақшы жұмыс істейтін болады. Бұлар ? 6279 адам.Даярлық жұмыстарының өзі өткен жылы басталған болатын. Картографиялық материалдарды жасау бойынша барынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді. Осындай дәл, нақтылы, тыңғылықты әзірленген картографиялық материалдардың біздің аймағымызда бұған дейін әлі ешқашан болмағанын айрықша атап айтқым келеді. Барлығы да ескерілді. Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шекарасы нақтыланды, көшелердің атауы, үйлердің нөмірленуі ретке келтірілді, елді мекендердегі үйлердің жаңа нақтыланған тізімі әзірленді. Облыс аумақтарын санақ бөлімдеріне бөлу жүргізілді, нұсқаулық және санақ учаскелерінде сынама санағы жүргізілді, материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері жүргізілді, санақ кадрлары іріктелді және үйретілді. Бұдан бір апта бұрын даярлық жұмыстары аяқталған бойда біздер өткізген алғашқы баспасөз мәслихаты сіздің есіңізде. Онда санақшылар үшін ресми бекітілген әбзелдер ? көгілдір шарф пен санақ логотипі бар портфель, сауалдама жүргізілетін аймақтардағы біздердің департаментіміз бен әкімдіктеріміздің міндетті түрде мөрі соғылған санақшының екі беттік фирмалық куәлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне таныстырылды. Ал бүгін біздер ШҚО Халықтар достығы үйінде «Қазақстан Республикасындағы халық санағының мәні» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізіп отымыз, оған Кіші Ассамблеяның өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысуда. ? Галина Иннокентьевна, мысалы, санақшы келген сәтте қонақта болған адамдар сауалдамаға тартыла ма?? Алдағы санақ ? бұл халықты сол сәтте қағазға түсіріп алу. Біздің елімізде тұратын және осы сәтте осында болған әрбір адам санаққа алынуы тиіс. Ең бастысы, санақ парақтары ақпараттарының құпия сипатқа ие екендігін атап айтқым келеді.? Ал, сапар шегіп бара жатқандар ше? ? Санақ сәтінде қонақүйлерде, ауруханаларда, вокзалдарда, әуежайларда және пойыздарда болған барлық халық санақпен қамтылады.? Ал, санақ кезеңінде туғандар мен қайтыс болғандардың мәселесі қалай болмақшы?? Санақ сәтінен кейін ? бұл ақпанның 24-інен 25-іне қараған түн ортасы ? барлық дүниеге келгендер санақ құжатына енгізілмейді. Ал санақ жүргізу кезеңінде қайтыс болғандар (ақпанның 25-інен наурыздың 6-сын қоса алғанда) санаққа алынады.? Сіздерден басқа, қандай мемлекеттік басқару органдары санаққа қатысады?? Өздерінің санақ нысандарында әділет, білім және ғылым және қорғаныс министрліктерінің аймақтық бөлімшелері жүргізетін болады, ал Көлік және коммуникациялар министрлігі пойыздарда, әуежайларда, теміржолдарда және автовокзалдарда санақ жүргізуге, сондай-ақ санақ материалдарын жеткізуді, байланысты және санақ қызметкерлерінің жүріп-тұруын қамтамасыз етуге жауапты. Полиция қызметкерлері біздерге көмектеседі, кезекшілік етеді және қоғамдық тәртіпті сақтайтын болады. ? Галина Иннокентьевна, анкета ісіндегі сұрақтар барлық адамдар үшін бірдей ме, әлде белгілі бір айырмашылығы бар ма?? Халық санағы ? бұл әрбір тұрғынмен сұрау жүргізу, ал мәліметтердің аясы санақ бағдарламасымен анықталады. Олардың негізгі бөлігі барлық халық үшін бірыңғай демографиялық, экономикалық, білім деңгейі, этникалық жағдайы және т.б. белгілерден тұрады.? Әңгімеңіз үшін рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Соңғы жаңалықтар