Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын - шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Жаяу бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі.Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.