Алдағы 3 жылда шағын кәсіпкерлік субьектілерінің 90 пайызы өз белсенділігін жоғалтады - фрнчайзинг жөніндегі маман

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Соңғы 4 жылда шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда 35 пайыздан астам ұлғайды.
None
None

Бұл бүгін Алматыдағы «Франчайзинг - өзектілігі, проблематикасы, шешу жолдары» деп аталатын республикалық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1 миллионнан асты. Бұл елдегі барлық шаруашылық субьектілерінің 92 пайызға жуығын құрайды. Алайда алдағы 3 жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған франчайзингтік емес шағын кәсіпкерлік субьектілерінің 90 пайызға жуығы өз қызметін тоқтатады немесе белсенділігін жоғалтады», дейді франчайзинг жөніндегі маман Алексей Матвеев. Оның айтуынша, франчайзинг жүйесінде әлемде әрбір 8-ші минутта жаңа шағын кәсіпорын ашылады. Оператор фирмалардың арқасында банкроттық өте төменгі деңгейде. Мәселен Халықаралық франчайзинг қауымдастығының деректері бойынша, франчайзингтік фирмалардың 8 пайызға жуығы өмір сүруге қабілетсіз боп отыр.

Соңғы жаңалықтар