Алдағы 4 жылда әскерилердің тұрғын үй мәселесі шешілмек

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шетелде білім алуға жіберілген әскерилердің саны артты.
None
None
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің отырысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кадр дайындығы мәселесіне тоқталған министр, «Осы бағытта біз әскери білім берудің бюджетін айтарлықтай жоғарылаттық», деді. Қорғаныс министрі Д. Ахметовтің айтуынша, қазіргі кезде Ресейде 1200-ден астам адам білім алуда. «Сонымен қатар Беларус мемлекетінде білім алатындардың саны көбейді және 200-ге тарта қазақстандық жастар басқа да шет елдердің жоғарғы оқу орындарында тәлім алуда. Осы бағытта біз Түркиямен жоғары келісімдерге қол жеткіздік», деді Қорғаныс министрі. Отырыс барысында Д. Ахметов алдағы 4 жылда әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар