Алдағы 5 жылда «KFC» желісі Қазақстанда 60 тамақтандыру орталығын ашуды жоспарлап отыр
АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «KFC» желісі алдағы 5 жылда Қазақстанда 60 тамақтандыру орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «American Group» компаниясының еншілес «The Caspian International Restaurants Company» ЖШС мамандар бөлімі меңгерушісі Аида Егембердиева Алматыда өткен баспасөз-ланчта мәлім етті.
Қазіргі уақытта «KFC» жедел тамақтандыру орындарының Алматыда - 6, Астанада - 6 нүктесі жұмыс істейді. Ал оларда 500 астам еліміздің азаматтары қызмет етеді.
«Келер жылдан бастап 5 жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 60 тамақтандыру нүктесін ашу жоспарлануда. Ал желтоқсанның соңына қарай Астанада «Хан шатыр» кешенінде жедел тамақтандыру жөнінен ТМД аумағындағы жаңа есеп беру нүктесі ашылады», деді А. Егембердиева.
Оның айтуынша, бүгінге дейін 37 қызметкер Басқарма директоры қызметіне дайын. Олар аталмыш сала бойынша Ресейде, Мысырда және БАӘ-де арнайы 2 айлық курстардан өтіп келген. Ал жалпы қызметкерлердің басым бөлігі студенттер болып отыр. Сонымен бірге, А. Егембердиева жаңа тамақтандыру орындарын ашу қарсаңында жаңа жұмысшыларды қызметке алу қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.