Алдағы алты жылда 50 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылы 50 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2029 жылдың соңына дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етіліп, проблемалық тұрғын үй құрылысының 50 объектісі аяқталады. Азаматтарға жеке құрылыс үшін берілетін 280 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен жабдықталады. Өңірлерде 1 500 апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу, 40 мың меншік иесінің тұрғын үй мәселелерін шешу жөніндегі өңірлік бағдарламалар қабылданады», - деп жазылған 6 жылдық жоспарда.

Қаржы институттары мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйелерінің ипотекалық бағдарламалары жалғасады. Мәслен, «Өз үйім», «Жас отбасы», «Әскери Баспана», «Ұмай», «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары қолжетімді болмақ.

Тұжырымдама 15 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар
telegram