Алдағы апта аса қызықты мәдени шараларға толы - Астана
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары бірқатар қызықты мәдени және спорттық шараларды тамашалай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы .
27 қараша "Астана" концерт залында Астана мемлекеттік академиялық филармониясының рухани оркестрінің "Ел мен құрлық бойынша" XVI концерттік маусымның ашылуы болады.
28-29 қарашада "Жастар" сарайында "Үмітпен болашаққа" қайырымдылық концерті өтеді.
29 қараша "Астана" концерт залында көрермендерді "Жайдарман" көңілді тапқырлар клубы қуантады.
30 қараша мен 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірнеше іс-шаралар болып өтеді.
Тәуелсіздік сарайында мерекенің құрметіне орай фотокөрме ашылады. Ал қыстың алғашқы күні "Астана" концерт залында "Елімнің жүрегі - Астана" атты патриоттық әндер шырқалатын эстрадалық концерт болады. Сондай-ақ, қала алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздары сахнаға шығып, өнер көрсетеді .
2-3 желтоқсан аралығында Астана циркінде "Ұлы орыс циркі" шоуы қойылады, ал М.Горький атындағы театрдың актерлері А.Касонның "Дикарь. Третье слово" мелодрамасы мен Н.Садурдың "Панночка" триллерін ұсынады.