Алдағы аптада ел аумағында қауіпсіз жол қозғалысының акциясы басталады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - 20 қараша Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы (ЖКО) құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Жыл сайын Қазақстанда және әлемде БҰҰ қарарына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні - Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленеді.
None
None

Бұл шараның мақсаты - жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару, апаттылықтың алдын алу және жолдарда құқық бұзушылықтарға қатаңдатылған қарсы іс-қимылды алғашқы жоспарға шығару, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету, ЖКО-да қайтыс болғандары еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасыларының қайғысына ортақтасу.

Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің мәліметіне қарағанда, осыған байланысты 2011 жылдың 14-20 қараша аралығында ІІМ «Қауіпсіз жол қозғалысының апталығы» атты республикалық кең көлемді акция өткізуді жоспарлады. Оның аясында жол қозғалысы ережелерін сақтауға және насихаттауға негізделген, сондай-ақ жол-көлік жүйесінде жарақаттанудың алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу идеясы - осы күнді 1993 жылдан бастап атап өтіп келе жатқан «RoadPeace» ұлыбритандық ЖКО құрбандарына көмек көрсету қайырымдылық қорынан туындады. 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өз қарарында бүкіл әлем бойынша барлық мүше елдерді Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде белгілеп, оны қарашаның үшінші демалысында атап өтуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар