Алдағы аптада Қазақстанда «BI Жұлдызай 2016» фестивалінің іріктеу туры басталады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 5 сәуірде «BI Жұлдызай 2016» балалар шығармашылығы фестивалінің бірінші іріктеу туры басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры директорының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова мәлім етті.
None
None

«Биыл фестиваль дәстүрлі алты аталым бойынша 11-ші рет ұйымдастырылмақ. Қазіргі кезде осы фестивальға қатысуға 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті. Атап айтқанда, біз еліміздің барлық өңірлерін аралап шығамыз. Бұл ретте фестиваль аясында жаңа таланттарды анықтаймыз деген үміттеміз», - деді А. Тәңірбергенова.

«BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. Осы уақытқа дейін фестивальге 36 583 бала қатысты.Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерінің қатарында.

Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астана қалаларын аралап шығады.

Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» аталымдары бойынша бағалайды.

Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік қызық мазмұнды бағдарлама күтіп тұр.

Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады.

Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.
null null null

Соңғы жаңалықтар