Алдағы аптадағы ауа райының болжамы - Қазгидромет

АСТАНА.  Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Келесі аптада,   тамыздың 3-і мен 9-ы аралығында    республикада  қысқа мерзімдік  жауын-шашын   болып тұрады. Дегенмен,  аптаның  соңына  қарай  ауаның температурасы  біртіндеп көтеріле бастайды, 

Алдағы аптадағы  ауа райының  болжамы - Қазгидромет

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Елдің батысында тамыздың 7-сінде    кей  жерлерде    жауын-шашын болады,  жел тұрады,     құмды  дауыл  болуы мүмкін.    Тамыздың 8-9-ында   құбылмалы  ауа райы сақталады  және  ауаның температурасы   төмендейді: түнде 17-23  градустан  10-15 градусқа  дейін, кей  жерлерде 20 градусқа, күндіз   32-27 градустан  25-30 градусқа  дейін төмендейді, кей  жерлерде   35   градус болады.

 Солтүстікте   аптаның   бірінші жартысында  жаңбыр  жауады, күн  күркіреп,     жел тұруы ықтимал.   Қалған күндері аспан  ашық  болады.     Ауаның температурасы:   жаңбырлы кезде түнде  10-15,  кей  жерлерде 5 градус шамасында  болады,  ал жауын тоқтағаннан кейін  күн біртіндеп жылиды: температура  23-28 градустан 27-32  градусқа дейін   көтеріледі.

 Орталық   аудандарда  аптаның бірінші жартысында өткінші    жауын-шашын болады, күн күркіреп,  жел тұрады.   Аптаның басында түнде ауа  температурасы 16-21, кей  жерлерде 12 градус шамасында  болса,  күндіз 25-30,  кей жерлерде 33 градусты көрсетеді,   кейін түнде 8-13  градусқа  дейін  төмендеп, ал  күндіз    ауа температурасы  30-35 градусқа  дейін қайта көтеріледі.

 Елдің  шығысында аптаның басым бөлігі жауын-шашынды болады,  жел тұрады.   Тек аптаның соңына қарай  жаңбыр тоқтайды.  Ауа температурасы  біртіндеп  төмендейді:  түнде  12-17-ден 7-12 градусқа дейін, кей  жерлерде 20 градустан 15 градусқа дейін төмендесе,  күндіз  27-32 градустан 23-28-ге  дейін  төмендейді.   Жауын тоқтағаннан кейін  күндізгі температура   қайта   қызып,  27-32 градусқа,   кей  жерлерде 35 градусқа  жетеді.

Оңтүстікте  тамыздың 5-6-сында жекелеген  аудандарда  өткінші  жауын-шашын, батыстан қатты жел соғып,  құмды  дауыл болуы мүмкін.  Түнде ауаның температурасы  20-25 градусқа  дейін  көтерілсе, күндіз   33-38  градус   шамасында   болады. Тек   жауын-шашын кезінде ғана ыстық 30-35 градусқа дейін    төмендейді.