Алдағы аптадағы ауа райының болжамы: республиканың солтүстігі мен шығысында 40 градус аяз болады деп күтілуде

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат – Қазгидромет орталығының хабарлауынша, келесі аптаның бірінші жартысында еліміздің батыс өңірінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, қатты жел тұрады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 12-17 градустан 5-10 градусқа дейін, күндіз 5-10 градустан 0-5 градусқа дейін құбылады,
None
None
деп хабарлайды ҚаАзАқпарат. Ал солтүстік аймақта апта бойына күн ашық және аязды болады. Ауа температурасы түнде 30-35 градусты, кей жерлерде 40 градусты, күндіз 18-20, кей жерлерде 27 градус аязды шамалайды. Тек аптаның басы мен соңында ғана қар жауып, боран болуы, жел күшеюі мүмкін. Ал түнгі температура 20-25, кей жерлерде 30 градусты, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 градус аязды көрсетеді, кезеңнің соңына қарай температура түнде 15-20 градусқа, күндіз 8-13 грдусқа дейін көтеріледі. Орталық облыстарда ауа райы апта бойына қалыпты болады, аптаның соңына қарай кей жерлерде боран болады. Ауа температурасы: түнде 15-20 градустан, кей жерлерде 25 градустан 23-28 градусқа дейін суытады, кей өңірлерде термометр бағамы 33 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндізгі ауа райы 10-15 градустан 15-20 градусқа дейін төмендейді, аптаның соңына қарай термометр бағамы түнде 15-20 градусқа, күндіз 8-13 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста аптаның бірінші жартысында және аптаның соңында бұлтты ауа райы сақталып, қар жауады, боран болады. Түнде ауа температурасы 20-25 градустан, кей жерлерде 30 градустан 30-35 градусқа дейін, кей аймақта 40 градусқа дейін суытады. Күндіз 13-18, кей жерлерде 20-25 градусты шамалайды. Аптаның соңына қарай аяздың беті қайтып, түнде термометр 20-25 градусты көрсетсе, күндіз 12-17 градус аяз болады. Оңтүстікте аптаның басында аспан ашық болады. Қалған күндері қар жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, жел тұруы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде10 градус аязды көрсетсе, күндіз ауа райы 0-5 градусқа дейін жылиды. Аптаның соңына қарай күн суытып, кей жерлерде 20 градус, ал күндіз 10 градус аяз болады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар