Алдағы аптадан барлауға арналған жеңілдетілген тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш беру басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 24 қарашасынан бастап барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы ҚР ИДМ мәліметінде хабарланды.
Атап айтқанда, модельдік келісім-шартты жасасу мерзімі өтініш беру күнінен бастап 25 күннің ішінде жүзеге асады.
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында алғашқы геологиялық барлауға инвесторлардың қосылуын тарту үшін Австралия үлгісі бойынша жер қойнауының аз зерттелген учаскелерін барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың оңайлатылған тәртібі енгізілді», - делінген ведомство мәліметінде.
Қанатқақты жоба ретінде жаңа орнын анықтау үшін тиісті рәсімдерді өткізуге арналған перспективалы болып табылатын Степногорск қаласының ауданы белгіленді. Мұнан былай басқа да аз зерттелген Қазақстан аумақтары қамтылады.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, өтініш беруші барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтінім жібереді.