Алдағы аптадан бастап ауаның температурасы 25 градусқа дейін жоғарылайды - Қазгидромет

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы аптадан бастап ауаның температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі.
None
None

 Бұл туралы ҚазАқпаратқа  «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі Гүлмира Әкішева хабарлады.

 «Қазан мен қараша жылы болады деп күтілуде. Дегенмен  қазанда күннің салқындауының екі толқыны болмақ. Атап айтқанда, 4-5 қазанда күн біршама салқындайды, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде  циклон орын алады және кей жерлерде жауын жауады. Осы орайда солтүстік аумақтарда жауынның соңы  қарға ұласуы мүмкін. Күн ашылғаннан кейін ауа температурасы түнде 0 немесе -5 аралығына дейін төмендейді»,-деді ол.

 Сонымен қатар күннің салқындауы оңтүстік өңірлерді де айналып өтпейтін көрінеді. Яғни,  температура 0-3-ке дейін төмендейді деп күтілуде.

 «Ал алдағы дүйсенбіден бастап температураның жоғарылауы ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің әсерінен ауа температурасы солтүстік өңірлерде 18-25-ке дейін, ал оңтүстік аумақтарда 20-25-ке дейін жоғарылайды. Яғни, күн қайта жылынады»,-деді Г. Әкішева.

Соңғы жаңалықтар