Алдағы бес жылда миллиондаған ауыл тұрғындары қалаларға көшірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда алдағы бес жыл ішінде 100 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарын қалаларға көшіру туралы жоспар жария етілді.

Алдағы бес жылда миллиондаған ауыл тұрғындары қалаларға көшірілмек

Би-би-си хабарлағандай, бұл қытай азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу жүйесін реформалау кезеңдерінің бірі болмақ.

Айта кетейік, аталмыш елде тіркеуге отыру тәртібінің қатаңдатылуына орай қазіргі кезде ауылдық жерлерден қалаларға көшіп келген ондаған миллион жандар үшін бірқатар әлеуметтік салалар қолжетімсіз болып қалып отыр.

Қытай билігі қалалықтар санының артуы экономиканың өсу қарқынын арттырады деп үміттенуде.