Алдағы бірнеше тәулікте су тасқыны қайталануы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бірнеше тәулікте су деңгейінің көтерілуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінің кей жерлерін су басуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алдағы бірнеше тәулікте су тасқыны қайталануы мүмкін - Қазгидромет

«18-21 сәуір аралығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды өзендерінде су деңгейінің көтерілулері, су тасулар мен су басулар жалғасады», делінген дауылды ескерту  хабарламасында.