02:25, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
Алдағы демалыс күндері ел өңірлерінде ауа температурасы көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суық атмосфералық фронт шығыста Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр және ауа температурасының 7-12º дейін төмендеуіне әкелді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанға жылжыған антициклон суық атмосфералық фронтты Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай тез ығыстырып жіберді. Бірақ оның республика ауа райына әсері ұзаққа бармайды.
Алдағы демалыс күндері батыс және солтүстік облыстарға суық атмосфера жылжып келіп, осы аудандарға найзағайлы жаңбыр, лепті жел әкеледі.
Басқа аумақтар осы демалыс күндері жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жоғары температура мен көбінесе ашық ауа райы аясында болады.