Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігін циклон басады - синоптиктер

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері, 2012 жылғы 24-25 қарашада Жаңа Жер аудандарынан келген белсенді циклон Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі ауа райына ықпалын сақтап қалады, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметінен.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігін циклон басады - синоптиктер

Сондықтан мұнда қар жауып, бұрқасын болады, жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді, жолдарда көктайғақ пайда болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында жексенбі, 25 қараша күні қалың қар түсуі ықтимал. Оңтүстікте күн райы жылы болып, айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.

Алайда келесі аптаның басында Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болып, температураның төмендеуі күтіледі.