Алдағы демалыста Германияда жаңа парламент сайланады

ТАШКЕНТ.  Қыркүйектің  23-і. ҚазАқпарат  /Құрмат Самархан/ -   Алдағы   жексенбіде   Германия  халқы жаңа  парламентті  сайлайды. 

Алдағы  демалыста Германияда жаңа  парламент  сайланады

Бұл туралы сейсенбі күні  журналистермен  болған  кездесуде Германия Федеративтік Республикасының Өзбекстандағы  Елшілігінің    мәдениет және  баспа бөлімінің   жетекшісі Михаэль Новак    хабарлады.

 Атап айтқанда,    қыркүйектің  27-сінде    652 миллионнан  астам  ел халқы  Германияның мемлекеттік  билігінің  жоғары органы -  Бундестагқа депутаттар  сайлайды. Бұл  мемлекеттік  орган    федеральды  канцлерді  сайлау    және   федеральды   үкіметтің жұмысына  бақылау  құқығына  ие 598 депутаттан тұрады.   Ағымдағы жылы  сайлауға  29 партия  қатысуда. Айта кету керек,  әрбір сайлаушы  Бунтестагқа сайлауда екі дауысқа ие.  Бірінші дауыс    сайлау округінде   тікелей кандидатқа, ал екінші  дауыс       партияларға  беріледі.