Алдағы дүйсенбіде Қасиетті Рамазан айы басталады

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Алдағы дүйсенбі, 1 тамыз күні - Қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталады (2011 жылғы тамыздың 1-і - 1432 хижра жылының 1-ші рамазаны).

Алдағы  дүйсенбіде  Қасиетті    Рамазан айы  басталады

Рамазан - мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады, оны парсы тілінде «Рузе», түрік тілінде - «ураза», ал қазақ тілінде «ораза» деп атайды. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар белгілеп кеткен. «Ораза» деген сөздің мағынасы «алыстау» деген ұғымды білдіреді. Шариат бойынша ораза тұту дегеніміз, таң сәріден күн батқанша дейін тамақ пен судан, басқа да тән ләззатынан еркін түрде бастарту. Ораза - мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.

Мұсылмандар осы айда ораза тұтады, тұрып намаз оқиды, Құран оқуларына қатысады, зекет пен садаққа береді. Сонымен олар өздерінің жүректеріне имандылық ұялатып, рухани тазаланады, өйткені дәл осы айда адамдарға Қасиетті Құран Кәрімнің бірінші аяттары жіберілген болатын.

Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын, мұсылман қауым!