Алдағы дүйсенбіде Вашингтонда Куба елшілігі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілдеде екі ел арасындағы қарым-қатынас қалпына келтіріледі, ал Гавана мен Вашингтондағы мүдделер секциясы елшіліктер болып құрылады, деп мәлімдеді америкалық сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары.

Алдағы дүйсенбіде Вашингтонда Куба елшілігі ашылады

Салтанатты рәсімге қатысатын Ұлттық кубалық делегацияны сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилья басқарады.

Куба елшілігі Кубаның бұрынғы дипломатиялық өкілдігі орналасқан жерде ашылғалы отыр.

Шараға Куба мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына үлес қосқан бес жүзге жуық адам шақырылды.