Алдағы екі күн Нұр-Сұлтанда үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3-4 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Осы күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады.



Соңғы жаңалықтар