Алдағы екі күнде елордада қатты көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада алдағы 2 күнге көктайғақ туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алдағы екі күнде елордада қатты көктайғақ болады

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 5, 6 және 7 ақпан күндері көктайғақ болатынын хабарлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Депаратмент астана тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға, ауа-райының өзгеруі мен шектеулер туралы ақпаратты бақылауға, қатты жел болғанда жақын маңдағы ғимаратты паналауға кеңес береді.

Сонымен бірге, құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа-райынан қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын қабылдауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеу ұсынылады.

Төтенше жағдай туындағанда «112» нөміріне хабарласу қажет.