Алдағы екі тәулікте жауын-шашын болмайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі тәулікте республиканың көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы екі тәулікте жауын-шашын болмайды - Қазгидромет

«Қазақстанға қарай ауған антициклон алдағы екі тәулікте республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы болады.  Батыс және солтүстік-батыс облыстарда кезекті атмосфералық ағындар ауысып келеді, солардың әсерінен, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ  және күшті екпінді желдің күші  15-25м/с болады деп болжануда. Ауа температурасы аз уақытқа жоғарылайды. Ағынның өтуімен қайтадан температураның төмендеуі күтілуде» ,- деп болжам жасайды синоптиктер.