Алдағы екі-үш жылда балабақша жеткіліксіздігі мәселесі толық дерлік шешіледі - А.Есімов

АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Алматыда қазір балабақшаларда 22 орын жетіспейді. Бұл туралы Алматыда телеарнадағы тікелей эфир барысында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.

Алдағы екі-үш жылда балабақша жеткіліксіздігі мәселесі толық дерлік шешіледі - А.Есімов

Әкім, соңғы жылдары қалада балабақшалар салынбағанын, алайда биыл алты балабақша салынатынын атап өтті. «Келесі жылы тағы төртеуін салу жоспарланып отыр, бүгін біз ҚР Премьер-Министрімен өткен селекторлық отырыста оның санын онға дейін көбейту міндетін алға қойдық. Соңғы жылдары 4 балабақшаны қайтарып алдық. Қазір жалға берілген балабақшаларды қайтарудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Әрине, мұның бәрі қолданыстағы заңнама ауқымында жүргізіледі», - деді А.Есімов.

Әкім жеке кәсіпкерлерге балабақшалар ашуды ұсынды. «Балабақшалар жетіспей тұрған шақта кәсіпкерлердің балабақшалар ашуы тиімді. Біз сонымен қатар ірі компаниялармен жұмыс жасап жатырмыз, жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында балабақшалар ашу мәселесін де ойластырып отырмыз. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таяудағы екі-үш жылда бұл мәселелерді толығымен шешеміз деп айтуға негіз бар», - деді қала басшысы.