13:37, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Алдағы екі жылда елімізде электр энергиясына тарифтің өсімі 7-15 пайыз аралығында болмақ
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы екі жылда елімізде электр энергиясына тарифтің өсімі 7-55 пайыз аралығында болмақ.

Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталдағы он-лайн конференцияда Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов айтты.
Тарифтің негізгі көтерілуі өткен жылы жасалғанын жеткізген төраға, «2011-2012 жылдары түрлі стансылар бойынша көрсеткіш 7-ден 15 пайызға дейін құрайды», деді.
Н. Алдабергеновтың айтуынша, инфляцияның жоспарланған деңгейі аясында 2015 жылға дейін электр энергиясына тарифтің өсімі болмашы ғана деңгейде жоғарыламақ. Ал өндірістік кәсіпорындарға қатысты мәселе бөлек қаралмақ. «Оларға қатысты біздің тарапымыздан өте көп сұрақ туындап отыр», - деді агенттік басшысы.