Алдағы қаңтар айында еліміздегі жанар-жағармай бағасы өзгермейді - Мұнай және газ министрлігі

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мұнай және газ министрлігі 2012 жылдың қаңтар айындағы жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы сатылым бағасын 2011 жылдың желтоқсан айындағы деңгейде қалдырды.

Алдағы қаңтар айында еліміздегі жанар-жағармай бағасы өзгермейді - Мұнай және газ министрлігі

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінде мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету және жанар-жағармай бағасының қалыптасуы мәселелері бойынша өткен кезекті кеңестің шешіміне сәйкес 2012 жылдың қаңтар айында республикалық жанар-жағармай станцияларындағы бөлшек сауда бағаларының шекті деңгейі мынаны құрайды:

- Аи-92/93 бензині ≤ 106,0 теңге/литр;

- Аи-80 бензині ≤ 86,0 теңге/литр;

- дизель отыны ≤ 90,0 теңге/литр;», делінген баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.